379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы онкодиспансер ел бойынша ең қуатты емдеу мекемесінің бірі болмақ

  • 96
  • UPD: 19:42, 06.04.2019
Павлодардағы онкодиспансер ел бойынша ең қуатты емдеу мекемесінің бірі болмақ

Павлодарда салынып жатқан облыстық онкологиялық диспансер еліміз бойынша озық үлгідегі әрі ең қуатты емдеу мекемелерінің бірі болмақ.

Кешеннің құрылысына 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Өңірде жұмыс сапарымен жүрген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов диспансердің негізгі корпустарын аралап, медициналық мекеменің мамандарымен кездесті. Жаңа клиникаға заманауи құрал-жабдықтар сатып алуға 4,5 миллиард теңге бөлініп, ұзын саны 500-ге тарта тізім жасалған. Олардың қатарында диагностикалық және операциялық қондырғылар да бар. Бөлінген қаржының 2 миллиарды ісікті емдеу тиімділігін арттыратын сәулелі-желілік жылдамдатқышқа жұмсалады. Өкінішке орай,  республика бойынша қатерлі ісік осы Павлодар облысында көп. Бүгінде орталықта 11,5 мың адам тіркеуде тұр. 

Тельман Әлғожин, облыстық онкологиялық орталығы  бас дәрігерінің орынбасары:

- 2015 жылы жобалық құжаттамаға сәйкес бекітілген құрылғылардың бір бөлігі тозды. Бөлінген қаржы көлемі де мардымсыз болды. Бірақ бұл тізім оңтайландырылды. Өткен жылы алынған құрылғылардың жартысы ескі диспансерден осында көшіріледі. Жаңа, заманауи қондырғылар да жеткізіледі.  

Руслан Жұматаев, мердігер - құрылыс компаниясы бас директорының орынбасары:

- Бұл өте үлкен кешен. Жер де кеңінен бөлінген. Айналасы аббаттандырылады. Ғимараттар бір-бірімен галерея арқылы жалғасады. Жылу жүйесі ортақ. Кәсіпорынның қызметіне қажеттінің бәрі толығымен қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы