379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл оңтүстік өңірлерде 22 млн гектардан астам жерге дақыл егіледі

  • 145
  • UPD: 23:30, 06.04.2019

Биыл еліміздің оңтүстік өңірлерінде 22 млн гектардан астам жер жыртылып, ауылшаруашылық дақылдары егіледі.

Негізінен майлы және дәнді дақылдарға басымдық беріліп отыр. 

Қазір еліміздің оңтүстік өңірлері, яғни Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында көктемгі дала жұмыстары қыза түскен. Биыл бидай алқаптары мен суда өсетін дақылдардың егіс көлемі қысқартылады. Есесіне бос тыңайған жерлерді игеру есебінен майлы және дәнді дақылдар, жарма, жемдік, бұршақты дақылдар сияқты сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті өсімдіктер алқабы айтарлықтай ұлғаяды. Бүгінге дейін  оңтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдары 379 мың гектарға егілді.

Батырбек Мейірхан, шаруашылық басшысы:

- 706 гектар жеріміз бар, өзіміздің суғармалы. Соның бәріне мақта егеміз деп турецкий лотос деген сортын егуді бастап жатырмыз. Былтырғы еккен 200 гектар жерге осы Турецкий ектік, 240 гектар жерге өзіміздікін ектік. Турецкий 48 центнерден берді, өзіміздікі 15 центнерден айналды. Айырмашылығын көрдіңіздер қанша төмендеп кеткен.

Энергетика министрлігінің келісімі бойынша көктемгі дала жұмыстарына 380 мың тонна дизель отыны бөлінген. Отын өңірлерге бекітілген кестеге сәйкес жеткізіледі. Операторлардың жеткізуін есепке алғанда, өңірлердегі орташа баға литрына 176 теңгені құрап отыр. Бұл нарықтық бағадан 10%-ға арзан. Биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелендіруге 60 млрд теңге қаржы бөлініп отыр.

Саят Әетов, несие корпорациясының бөлім басшысы:

-  60 млн теңгенің бүгінгі күні республика бойынша 59 млр теңгесін несие аламын деген ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің ниетін білдірді. Солардың ішінде 48 млрд теңгеге бүгінгі күні несие құжаттары келіп түсті. Осы 48 млрд теңгенің 30,4 млрд теңгесін ауыл шаруашылығы тауыр өндірушілеріне жеткізіп үлгердік.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 824 мың гектар алқапқа егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың га артық. Бүгінгі күнге дейін 175 мың га жаздық дақылдар себілген. Сонымен қатар, 96 мың тонна минералдық тыңайтқышты субсидиялау жоспарланып отыр. Оған 4,3 млрд теңге қаражат бөлу көзделген. Бүгінгі таңда облысқа 33 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілді.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы