389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Он бес жыл бойы құжатсыз жүрген павлодарлық азамат жеке куәлік алды

  • 444
  • UPD: 23:14, 06.04.2019
Он бес жыл бойы құжатсыз жүрген павлодарлық азамат жеке куәлік алды

Мобильді қабылдау акциясы аясында 15 жыл бойы құжатсыз жүрген Павлодар облысының тұрғыны жаңа жеке куәлікке ие болды.

«Жолда қабылдау» акциясы аясында павлодарлық полицейлер Красноармейск ауылының 36 жастағы тұрғынына көмектесті. Азамат осыдан 15 жыл бұрын жеке куәлігін жоғалтып алған және оны қайта жасатудың былығы көп деп ойлап, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінбей жүре берген. Бүгін ол мобильді қабылдауға келіп, тәртіп сақшыларынан қажетті консультация алды. Полицейлер оның құжатын жедел түрде қайта жасатып, қол ұшын берді», - деп жазылған ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Фейсбуктегі парақшасында. 

Айта кетсек, кешеден бері екі күн бойы ел аумағында «Жолда қабылдау» акциясы жүріп жатыр. Шараның мақсаты - халықпен кері байланысты және полиция бөлімшелері басшыларының еліміздің бүкіл өңірлерінің азаматтарымен жеке кездесуін қамтамасыз ету.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы