379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 24 көпқабатты үй терможаңғыртудан өтеді

  • 80
Атырауда 24 көпқабатты үй терможаңғыртудан өтеді

Қазір 4 үйде жөндеу жұмыстары басталды.

«Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша мұнайлы өңірде 8 жылда 123 тұрғын үй терможаңғыртудан өткізілді. Осылайша өткен ғасырдың 70-80-жылдары пайдалануға берілген көне үйлердің шатыры, ыстық-салқын су құбыры және кәріздік жүйесі толықтай ауыстырылуда. «Бір назар аударарлығы, терможаңғыртудың сапалы жүруі тұрғындардың көңілінен шығып, қаражат қайтарымы артып келеді», – дейді мамандар.

Айдын Төреханов, қалалық терможаңғырту бөлімінің басшысы:

- Биылғы жылы терможаңғырту бағдарламасы аясында 24 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Оның ішінде 20 үйге 900 млн теңге бөлінді. 4 үйге керек 200 млн қайтарымды қаражатқа жасалуда. Жұмыс әрі қарай жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы