377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жастар сенбілікті спортпен ұштастырды

  • 96
  • UPD: 15:18, 07.04.2019

Қалалық әкімдіктің ұйытқы болуымен өткен плоггинг төрт саябақты қамтыды.

Бұл – кезінде Швецияда қолға алынған экологиялық дәстүр. Таза ауада жүгіріп жүріп, күл-қоқыс кезіксе себетіне салып алады. Ән салып жүріп, көше тазалайды. Жаттыға жүріп ауланы қоқыстан аршиды. Кісіге қолайлы, табиғатқа ұнайтын үрдіс. Көңіл де шат, көше де тазаланады. Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған акцияға жүздеген тұрғын қоқыс жинауға арналған қапшық-қораптарын әкелді. Нәтижесінде ең көп қоқыс жинаған қатысушылар шара соңында бағалы сыйлықтарға ие болды. Қазіргі уақытта спорттық-экологиялық акция елдің бірқатар өңірінде өткізіліп жатыр.

Ораз Исин, плоггинг шарасын ұйымдастырушы:

- Біз плоггинг деген шарамызды ұйымдастырып жатырмыз. Өте жақсы нәрсе деп ойлаймын. Ол – жүгіру және қоқыс жинау. Тек қана Астанада емес, Семей, Атырау, Көкшетау, Қарағанды қалалары да қолдады. Тура осы уақытта қазір сондай іс-шара өткізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы