380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл сайын қазақ диаспорасы өкілдерінің 300 баласы Қазақстанда демалатын болады

  • 132
Жыл сайын қазақ диаспорасы өкілдерінің 300 баласы Қазақстанда демалатын болады

Қазақстаннан жырақта өмір сүріп жатқан қандастарымыз енді қазақ тілін қашықтан оқу курсына жазылып, үйрене алады.

Бұдан бөлек жыл сайын қазақ диаспорасы өкілдерінің 300 баласы тарихи отанында демалып қайтатын болады. Қолға алынғалы жатқан игі бастамалар еліміздің «Отандастар» қорының Батыс Еуропадағы ең үлкен қазақ диаспорасымен кездесуі барысында таныстырылды. Ал шетелдегі қандастарымыз Қазақстан мен Франция қалалары арасындағы байланысты күшейтіп, оқулық кітаптар дайындауға көмектесуге ұсыныс жасады. Айта кетейік, қазір бұл елде 2 мыңнан 5 мыңға дейін қандасымыз өмір сүреді.

Мағауия Сарбасов «Отандастар» қоры президентінің кеңесшісі:

– Бүгін кездесу өте жақсы өтті. Біз диаспорадан ұсыныстар алу үшін келдік. Олар өз пікірлерін жеткізді. Оның барлығы бізде жұмыста ескерлетін болады.   

Айгерим Ерсаинова, Қорқыт атындағы қазақ мәдени орталығын құрушы:

– Әрине, біз өте қуаныштымыз, өйткені бұрын Қазақстаннан мұндай ұсыныстар болған жоқ. Біз шетелде жүріп өз мәдениетіміз бен тілімізді насихаттағымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы