380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ сарапшылары: Латын қарпі Қазақстанның әлемдегі танымалдылығын арттырады

  • 151
АҚШ сарапшылары: Латын қарпі Қазақстанның әлемдегі танымалдылығын арттырады

Қазақстанның латын қарпіне көшуі еліміздің ғаламдық ақпараттық кеңістікке енуіне септігін тигізіп, мол мүмкіндіктер ашады.

АҚШ сарапшылары осындай пікірде. Америкалық мамандардың айтуынша, латын қарпі арқылы әлем Ұлы дала елінің тарихы мен мәдениеті туралы көбірек танып біледі. Ол сондай-ақ еліміздің шетелдік әріптестермен түрлі саладағы ынтымақтастығын кеңейте түседі деген пікірде.

Рави Батра, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы:

– Көшпенділер мәдениетін таныта түсу үшін де латын алфавитінің маңызы ерекше деп ойлаймын. Жалпы көшпенділер табиғатпен үндес секілді маған, олардың атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа салт-дәстүрді аманат етуі де – ерекше қасиет. Егер барлық халық осындай жолмен жүргенде, қазіргідей климаттың өзгеруі сынды мәселе туындамас па еді. Жалпы қазақ әлемінен әлі көп дүниені танып білуіміз қажет. Елдің латын қаріпіне көшуі осыған септігін тигізеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы