379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еңбекте алда, спортта озат қостанайлық көп балалы отбасы көпке үлгі

  • 189
  • UPD: 18:47, 07.04.2019

«Көп балалы отбасылар мемлекетке иек арта бермей, өз жағдайларын өздері жасауы тиіс. Ол үшін елде мүмкіндік көп». Арқалық қаласының Родина ауылында түтінін түтетіп отырған Байжігітовтер отбасы осындай ұстанымда.

Ертелі-кеш тыным таппайтын ерлі-зайыпты балаларына өнегелі тәрбие беріп, жемісін де көріп отыр.

Бұл – 8 жастағы Әлібек пен 7 жастағы Аиданың каратэден түрлі жарыстарда алған медальдары. Қос балғынның биіктерді бағындырсақ деген талпынысына бапкердің өзі тәнті болыпты.

Бағылан Қоқышев, бапкер:

– Ата-ананың тәрбиесі жоғары бұл жерде. Қойған мақсаттарына нық қадам басып жететіндей қылып, тәрбиелеп, өсіріп келе жатыр. Қазіргі кезде қаламыздың ғана емес, республиканың атын шығарып жүрген балалар.

Сегіз баланың  тұңғышы 22-де болса, кенжесі 2 жаста. Алғашқы екеуі жоғары оқу орынында білім алады. Үшеуі мектепте, ал үш кішкентай балабақшаға барады. Қарайлас, үймелі-сүймелі сегіз бала бір-біріне жанашыр, бір-біріне қамқор.

Отағасы Нұрлан Байжігітов жергілікті кәсіпорынның қауіпсіздік қызметінде жұмыс істейді. Ал Индира болса, тынымсыз үй тірлігінен тыс, жекеменшік дүкендерінде сауда жасайды.

Индира Байжігітова, отанасы:

– Үкіметтен қаншама көмектер бар. Көп балалы отбасымыз деп, үйде отырып, жағдайым жоқ деп отыруға мүмкін емес.

Еңбекқор отбасы келер жылы мал басын көбейтуді көздеп отыр. Сол үшін қазірден қора-қопсыларын қамдауға кіріскен.

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы