379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Алматы декларациясының маңыздылығын атап өтті

  • 136
  • UPD: 19:14, 07.04.2019
БҰҰ Алматы декларациясының маңыздылығын атап өтті

БҰҰ Қазақстанда 40 жыл бұрын қабылданған Денсаулық сақтау жөніндегі декларацияның маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

1978 жылы Алматыдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конференциясында әлем елдері алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек жүйесін нығайту туралы шешімге келген. Сөйтіп дүниежүзілік қауымдастық адамдардың ауруларын емдеуден гөрі, өмір бойы денсаулығын күтуге үлкен мән берген еді. Бұл әдіс қазірге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Ал өткен жылы Қазақстан астанасында алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек бойынша жаңа декларация қабылданды.

Тошия Хошино, Жапонияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары:

– Әр адам сапалы денсаулық сақтау жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Бұл тұрақты даму мақсаттарының бірі болып саналады. Оның маңыздылығы 40 жыл бұрын алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету жөніндегі Алматы декларациясымен аталып өткен.

Хабар 24 телеарнасы