377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалалықтар енді «Бастау» бағдарламасымен жеңілдетілген несие ала алады

  • 137
  • UPD: 20:12, 07.04.2019

Биылдан бастап елімізде қала тұрғындары да «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Бастау» бағдарламасы арқылы бизнес негіздерін меңгеріп, жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын мұндай мүмкіндік тек аудан, ауыл халқы үшін ғана қарастырылып келген еді. Мәселен, осы жылы Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы 1270 адамды оқытуды жоспарлап отыр.

Ақкөл ауданында тұратын жас дәрігер Азамат Ысқақов өзінің жеке кәсібін осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттің көмегімен бастаған болатын. Қазір ол – тұрақты табыс беріп тұрған шағын ғана тіс емдеу орталығының қожайыны. Басында мұнда 3 адам жұмыс істесе, қазір 5 адам еңбекпен қамтылған.

Сала мамандарының айтуынша, мұндай мүмкіндіктер әзірге қарастырылмаған. Дегенмен кәсібін жаңа бастағандарға қолдау жақсы. Мәселен, кәсіпкерлік палатасы арқылы бизнес негіздерін меңгерген азаматтарға жобасын жүзеге асыру үшін жан-жақты көмек көрсетіледі. Тек қана несие емес, шағын көлемдегі грантты да жеңіп алуға мүмкіндік бар. 

Анар Сәниева, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

– 2018 жылы Ақмола облысында 2072 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыса, олардың 1 жарым мыңы өз жобаларын сәтті қорғап шықты. Ал 579 адам бизнестерін бастап кетті. Айта кету керек, олардың 80 проценті жұмыссыз жүрген жандар болатын.

Аймақта жаңадан бизнес бастағандардың көбісі қызмет көрсету саласын таңдапты. Ал олардың басым бөлігі – қыз-келіншектер. Ал биыл қала тұрғындарының да мүмкіндігі бар екенін естіген соң, Степногорск шаһарынан да көптеген ұсыныстар келіп түскен.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы