379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да бөгеттерді бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 140
  • UPD: 07:26, 08.04.2019
ШҚО-да бөгеттерді бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Өскеменде жауын-шашын мен қардың қарқынды еруі салдарынан Үлбі өзеніндегі су деңгейі көтерілді.

Сол себепті Спорт сарайы ауданындағы көпір астындағы жол уақытша жабылды. Мамандардың айтуынша, жобада жыл сайын жолдың жүру бөлігін 20-25 күндей су басатыны ескерілген. Бірақ күннің суытуына байланысты жағдай тұрақталып, жол ашылды. Жалпы облыс орталығында су тасқыны жағдайына тәулік бойы бақылау жасалады. Әлі күнге дейін бөгеттерді бекіту және өзен-көлдердің арналарын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 20-дан астам учаскедегі қауіп сейілді. Әзірге тек Үлбі өзеніндегі жағдай тұрақталмай тұр.

Қаныш Мұқажанов, қала әкімінің төтенше жағдайлар бойынша бас инспекторы:

- Үлбі бойынша су деңгейі көтеріліп келеді. Бізде 2 қауіпті жер бар. Біреуі Атаман аралында жағаны шайып кеткен. Оны қазір 1 жұмадан асып кетті, 10 шақты күн болып қалды, кесек тастарды тасып, жағаны бекітіп жатырмыз. Екінші бізде қаланың Гражданская көшесінде Согра кентінде қауіп бар, былтыр бекітіп қойғанбыз. Биыл тағы да қосымша 300 метр бекітеміз.

Хабар 24 телеарнасы