379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бір рет қолдануға арналған пакет пен ыдыстан бас тартпақ

  • 201
  • UPD: 07:30, 08.04.2019
Қазақстан бір рет қолдануға арналған пакет пен ыдыстан бас тартпақ

Қазақстан бір рет қолдануға арналған пакеттер пен ыдыстардан бас тартпақ.

Бұл үрдіс кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Қазір дүкендерде полиэтилен қапшықтар тегін таратылмайтыны белгілі. Энергетика министрлігі арнайы құжаттар әзірлеп, Экологиялық кодексті жасақтауда. Заң жобасы жылдың соңында қарастырылуы тиіс. Өйткені қолданылған полиэтилен бұйымдарды түбегейлі жою қиындық тудыруда. Бірақ экологтар қағаз пакеттерді қолдануға асықпау керек дейді. Бұған елдегі орманды алқаптың аздығы себеп.

Хабар 24 телеарнасы