389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы пайдаланылған полиэтилен пакеттердің полигонына айналуы мүмкін

  • 661
  • UPD: 08:42, 08.04.2019

Алматылық табиғат жанашырлары дабыл қағып отыр. Бірнеше жылдан кейін қала пайдаланылған полиэтиленді пакеттердің полигонына айналады.

Соның салдарынан жануарлар әлемі зардап шегіп, миллиондаған құс пен балық опат болады. Оған себеп пластикалық қалдықтар. Экологтартар мен жергілікті биліктің басты мақсаты - қауіпті заттан бас тартып, экологиялық таза өнімге көшу.

Жиырма бірінші ғасырдың дерті пластикалық қалдықтар. Алматының әр тұрғыны жылына төрт жүзге жуық полиэтиленді пакет пайдаланады екен. Өйткені, бұл азық-түлік сатып алғанда, қоқыс шығарғанда пайдалануға ыңғайлы әрі арзан. Апаттың алдын алу үшін экологиялық мәдениетті арттыру керек, дейді мамандар.

Әбілқасым Жарылқасынұлы, экологиялық альянстың филиал директоры:

- Кейінгі кезде бізде мынау Рак деген ауру бар ғой, сол өте өршіп бара жатыр. Статистика бойынша жыл сайын ауырған адам көбейіп жатыр. Ол неден деген сұрақ пайда болады. Ол осы пакеттерден. Өйткені осы пакетті шығару үшін көптеген химиялық элементтер, ол мұнайдан жасалады ғой. Ал мұнайда көптеген зиянды токсиндер бар. Соның бәрін біз күнделікті қолданамыз.

Бүгінде әлемнің қырықтан астам елі полиэтилен пакеттен бас тартып, оның экологиялық баламасына ауысқан. Бес ғасыр бойы шірімейтін полиэтилен қалдықтары адам ағзасына түссе, жүрек, бауыр және өкпе ауруларын туғызады. Тіптен, онкологиялық аурудың пайда болуы 60 пайызға артады екен. Алматылық ғалымдар бұл апатпен күресудің жолын ұсынып отыр. Олар полиэтиленнің экологиялық баламасын ойлап тапқан. Крахмалдан жасалған қаптаманың шіру мерзімі де азайған.

Перизат Үркімбаева, Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің доценті:

- Табиғи таза өнім крахмал негізінді. Бұл алған өнімдерді тамақ өндірісінде, медицинада да қолдануға болады. Тіпті жеуге де болады. Бұл жердегі негізгі комонент крахмалдан құралған. Одан басқа да иілгіштігін, механикалық қасиеттерін арттыру үшін біз оған басқа да компоненттер қосамыз.

Статистикаға сүйенсек, Алматы еліміздегі ең лас қала саналады. Мұнда күніне екі мың тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Оның жартысына жуығы полиэтиленді қалдықтар. Ал, оны қайта өңдеудің шығыны көп әрі қиын.

Айбек Рахымов, қоқыс өңдеуші компанияның бас директоры:

- қазіргі кезде полиэтилен пакеттерін өңдейтін технологиялар бар. Бірақ қоқыстың ішіндегі пакеттер өте кірленген. Сол себептен оны қайта өңдеу өте қиынға соғып жатыр. Өзіндік құны өсіп жатыр. Сол себептен қазіргі технологиялар тиімсіз болып тұр.

Айта кетейік, еліміздің энергетика министрлігі пластикалық пакеттерден бас тарту мақсатында экологиялық заң жобасын қолға алды. Ал сауда орындары алдағы уақытта тез шіритін бір реттік және қағаз қаптамаларды қолданысқа шығармақ. Алайда оның бағасы да бұрынғыдан қымбаттау болады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Нұрдәулет Жақсыбаев, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы