389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда осы аптада қандай мәдени және спорттық шаралар өтеді?

  • 662
  • UPD: 11:17, 08.04.2019
Нұр-Сұлтанда осы аптада қандай мәдени және спорттық шаралар өтеді? jas.kz

Нұр-Сұлтан қаласында 8-14 сәуірі аралығында елорданың мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынамыз. 

«Тенгри» қонақ үйі

8-10 сәуірде сағат 9.00-ден бастап шахматтан, дойбыдан, тоғызқұмалақтан есту және көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

Тәуелсіздік сарайы

8-14 сәуірде сағат 10.00-18.00 аралығында «Ұлы дала мұрасы» атты қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады.

8-14 сәуірде сағат 10.00-18.00 аралығында «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі өтеді.

8-14 сәуірде сағат 10.00-18.00 аралығында Аманат Назарқұловтың жеке көрмесі ұйымдастырылады.

8-14 сәуірде сағат 10.00-18.00 аралығында Руслан Жүнісовтың және оның шәкірттерінің «Кіші пластика» көрмесін тамашалауға болады.

8-14 сәуірде сағат 10.00-18.00 аралығында Мараш Кениеваның «Өмірім - менің өнерім» атты көрмесі өткізіледі.

8-14 сәуірде сағат 10.00-18.00 аралығында «Іздер» атты көрме өтеді.

8-14 сәуірде сағат 10.00-18.00 аралығында «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесі өтеді.

«Жастар» сарайы

8-14 сәуірде сағат 10.00-20.00 аралығында Бал көрмесі өтеді.

9 сәуірде сағат 11.00-де Ж. Омаровтың «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісі қойылады.

12 сәуірде сағат 19.00-де А. Чеховтың «Вишневый сад» комедиясы қойылады.

13 сәуірде сағат 11:00-де А. Большакованың «Щелкунчик» ертегісі шымылдығын ашады.

13 сәуірде сағат 16.00-де «Меруерт» халықтық би ансамблінің есеп беру концерті өтеді.

13 сәуірде сағат 17:00-де Н.Саймоннің «Дураки» спектаклі қойылады.

14 сәуірде сағат 09.00-де «Өнер салтанаты» атты халықаралық көп жанрлы байқау-фестивалі басталады.

14 сәуірде сағат 11.00-де Дж. Барридің «Питер пен» ертегісін тамашалауға болады.

14 сәуірде сағат 17.00-де Д. Кристнердің «Знойные мамочки» спектаклі қойылады.

«Алау» МС

8-14 сәуірде сағат 11.00-де шайбалы хоккейден балалар арасындағы турнир өтеді. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

9 сәуірде сағат 11.00-де Т.Теменовтың «Ырылдақ күшік» ертегісін көруге болады.

10 сәуірде сағат 19.00-де «Қараш-Қараш» әлеуметтік драмасы қойылады.

11 сәуірде сағат 19.00-де Е.Хушвактовтың «Қызыл алма» лирикалық комедиясын тамашалауға болады.

12 сәуірде сағат 19.00-де Г.Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы қойылады.

«Барыс» СК

9-13 сәуірде сағат 12.00-де шайбалы хоккейден 2005 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының  ІV кезеңі басталады.

Бейбітшілік және келісім сарайы

10 сәуірде сағат 16.00-де «Біз соғыстан алыстаған сайын ...» музыкалық және поэзиялық композицияның көрсетілімі болады.

13 сәуірде сағат 12:00-де С.Астраханцевтің «Маленькая история о Маленьком Муке» ертегісін тамашалауға болады.

13 сәуірде сағат 18:00-де К. Людвигтің «Примадонны» комедиясы қойылады.

«Астана Арена» стадионы

10 сәуірде сағат 19.00-де «Атырау» ФК - «Жетісу» ФК командалар арасында Футболдан ҚР-ның Кубогы 1/8 финалының матчін тамашалауға болады.

14 сәуірде сағат 19.00-де Премер-Лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аясында «Астана» ФК - «Ордабасы» ФК кездеседі.

С. Сейфуллин атындағы Қаз АТУ спорт кешені

12 сәуірде сағат 12.00-де «2019 жыл-Жастар жылы» аясында Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін жыл сайынғы Универсиада басталады.

«Сайран Арена» СК

12-14 сәуірде сағат 10.00-де «Yeleu Cup» футзалдан Халықаралық турнирі басталады.

Астана Конгресс орталығы

12 сәуірде сағат 18.00-де ресейлік рэпер Oxxxymiron концерті өтеді. «Астана» концерт залы

12 сәуірде сағат 19.30-да Үрлемелі аспаптар оркестрдің М.Магомаевқа арналған концерт басталады.

Оқушылар сарайы

13 сәуірде сағат 10.00-де Астана қаласының мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің арасында асық ату және бес асықтан жарыс басталады.

«Дәулет» СК

13-14 сәуірде сағат 10.00-де теннистен «Қызғылт сары доп» балалар турнирі болады. Қуыршақтар театры

13-14 сәуірде сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де К. Ежембектің «Наурызбектің хикаясы» ертегісі қойылады.

Ақпарат көзі: elorda.info

 

Хабар 24 телеарнасы