384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда биыл 48 аула абаттандырылады

  • 506
  • UPD: 11:52, 08.04.2019
Талдықорғанда биыл 48 аула абаттандырылады

Оған жергілікті қазынадан қажетті қаржы да бөлінді. Сонымен қатар 26 ауланы абаттандыру туралы бюджеттік өтінім жөнелтілді.

Ол жақын арада өтетін қалалық мәслихаттың сессиясында қаралады. «Ағымдағы жылы 40 шақты үй ауласының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленетінін де айта кетейік. Қазір соның тең жартысының қаржысы бөлініп тұр» дейді қалалық әкімдіктегілер. Алматы облысының орталығында өткен жылы 102 аулаға ішінара жөндеу жасалған. Талдықорғанда барлығы 756 көпқабатты тұрғын үй, 275 аула бар.  

Данияр Жаныс, Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Оған қоса «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша меценаттардың көмегімен былтыр 5 аула салынса, биыл ол тағы да жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы