384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда су желілерін жөндеу жұмыстары басталып кетті

  • 533
  • UPD: 13:59, 08.04.2019
Оралда су желілерін жөндеу жұмыстары басталып кетті

Орал қаласында су желілерін жөндеу жұмыстары басталып кетті. Күні бүгін Айталиев көшесінде құрылыс қарқын алды.

Мердігерлер жылу құбырларын алмастыруға  жылыту маусымы аяқталған бойда кіріспек. Жалпы алғанда шаһарда биыл 4 шақырым су және 2 шақырым магистральды жылу желісін жаңғырту жоспарланған. Бұл мақсатқа «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1 миллиард 300 миллион теңге бөлініпті. Қаралған қаржы коммуналдық кәсіпорындарға 0,1 пайыз несие түрінде, яғни қайтарымды қаржы ретінде беріліп отыр. Құрылыс барысында жерді жағалай қазбай, қиялай бұрғылау тәсілін қолданамыз. Сонда жолдардың беткі қабаты бүлінбейтін болады екен.

Миржан Нұртазиев, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Былтыр бізде 54 пайыз болған тозығы жеткен пайызы жылу магистральдары бойынша. Осы жаңғырту арқасында 52% түсірдік. Ал енді су құбырларын жаңғырту  67-ден 66% түcті. Жыл сайын бір процент, екі процентке түсіп отырады, осы жаңғыртудың арқасында.

Хабар 24 телеарнасы