389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн жылынады

  • 568
  • UPD: 14:22, 08.04.2019
Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн жылынады RT

Синоптиктер 9-11 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.

«Қазақстанның оңтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттармен жылжитын циклон салдарынан алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ мұнда найзағай күтіледі және кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, қалған аймақ антициклонда болады, сол себепті кішігірм жауын-шашын болжанады және көбінде жауын-шашынсыз. Республикамызда ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2-6 градустан жоғары болады.

Хабар 24 телеарнасы