376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты сұрақтарды Smart Astana қосымшасынан білуге болады

  • 112
  • UPD: 16:10, 08.04.2019
Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты сұрақтарды Smart Astana қосымшасынан білуге болады elorda.info

Атаулы әлеуметтік көмек туралы сұрақтарға жауапты үйден шықпай-ақ, телефон арқылы немесе мобильді қосымша арқылы алуға болады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы 111 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. «Астана Innovations» компаниясының хабарлауынша, мұнда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арналған сенім телефоны ашылды.

Атаулы әлеуметтік көмек – аз қамтылған азаматтарға және аз қамтылған отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

«Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қандай құжаттар қажет? АӘК алу үшін тұрақты мекенжайдың болуы шарт па? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға үйден шықпай-ақ, жауап алуға болады. Атаулы әлеуметтік көмек туралы және басқа да сұрақтарға жауапты үйден шықпай-ақ, телефон арқылы, бірыңғай байланыс орталығына 111 қоңырау шалу арқылы немесе Smart Astana мобильді қосымша арқылы алуға болады», – деп мәлімдеді компанияда.

Айта кетейік, «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығы базасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін «шұғыл желі» ашылды. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеу үшін онлайн-калькуляторды іске қосылды.

Хабар 24 телеарнасы