379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өзенінде мұз кептеліп, жағалауға су жайылды

  • 111
Ертіс өзенінде мұз кептеліп, жағалауға су жайылды LiveJournal

Шығыс Қазақстан облысында су тасу қаупі бар аумақтар толық бақылауда.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр. Бесқарағай ауданындағы Кривинка ауылынан 6-7 шақырым жердегі Ертіс өзенінде мұз кептелісі орын алып, жағалауға су жайылған. Қазір осындағы орта мектептің ғимаратында жедел штаб жұмыс істеп тұр. Жетіжар ауылдық округі бойынша 6 жерде тәуліктік бақылау орнатылған. Жергілікті тұрғындарға төтенше жағдайға дайын болу керектігі ескертіліп, нұсқаулар берілді. Қазір Кривинка ауылында 11 техника мен 34 адам су тасқынының алдын алуға күш салып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы