379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде «Дені сау аймақ» жобасы жүзеге асырылады

  • 102
Сыр өңірінде «Дені сау аймақ» жобасы жүзеге асырылады

«Дені сау аймақ» халықаралық жобасы аясында Қызылорда облысында кешенді шаралар жүзеге асырылады.

Алғашқы қадамы ретінде медициналық ем-домның қолжетімділігі арта түседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай облыстық медициналық орталығы ашық есік күнін өткізді. Жұмысын таңғы би-жаттығумен бастаған ақхалаттылар көпшілікті саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сырбойылықтар емханаға қаралып, жолдамасын алмай-ақ көпбейінді аурухананың білікті дәрігерлеріне тікелей жүгінуге мүмкіндік алды. 300-дей тұрғын алдын ала тіркелусіз және өздеріне ыңғайлы уақытта келіп, медициналық кеңеске қанығып, озық қондырғылардың қызметін пайдаланды. Акция өңірдің барлық медициналық ұйымдарында ұйымдастырылады.

Нұридин Әмитов, облыстық медициналық орталық директоры:

- Денсаулық күнінің бастауы 1948 жылдан басталады. Яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған жылы. Осы ұйымға бүгінгі таңда әлемнің 200-ге жуық елі мүше. 1950 жылдан бастап осы мерекені атап өту дәстүрге айналды. 2018 жылы ОМО ашық есік күні 4 рет өткізілді және шара аясында 2 мыңға жуық тұрғынға кеңес беріліп, медициналық көмек көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы