388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ: Қаза тапқан полицейлердің отбасылары қамқорлықсыз қалмайды

  • 434
  • UPD: 18:12, 08.04.2019

Елімізде ішкі істер органдарының қызметкерлері Атырауда қызмет бабында қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтің отбасына 29 млн теңге қайырымдылық көмек жинады.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, министрлік жұмыста жүріп мерт болған полицейлердің отбасын қамқорлықсыз қалдырмайды. Ал олардың ерлігі ел есінде мәңгі сақталуы үшін түрлі патриоттық іс-шаралар өткізіледі. Мәселен, қазір өңірлердегі құрылымдарда Шалқар Ақымғалиевтің батырлығы кеңінен насихатталуда. Ол туралы бейнероликтер әзірленіп, әлеуметтік желілерге жүктеліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Шалқар Ақымғалиев 21 наурыз күні Жайық өзеніне секіріп кеткен қыз баланы құтқарам деп өмірі қыршыннан қиылған болатын.

Айта кетейік, еліміз егемендік алғалы бері Ішкі істер министрлігінің 2 мыңнан астам қызметкері қаза тапса, олардың 785-і қызметте жүріп көз жұмған. 

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Шалқар Ақымғалиевтің отбасына материалдық көмек көрсетуді министр басты назарда ұстап отыр. Батырдың отбасы ішкі істер органдарының әлеуметтік қолдау қорының қамқорлығына алынды. Ерлікпен көз жұмған қызметкерлердің отбасына алдағы уақытта да тұрақты көмектер жасалады.

Хабар 24 телеарнасы