378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық дәрігер Паркинсон дертінің эпидемиологиясын зерттеуге кірісті

  • 156
  • UPD: 18:08, 08.04.2019

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі».

Төле бидің осы өсиеті мен тілегіне білікті дәрігер, нейрохирург Шыңғыс Шашкин сай десек болады. Ол әйгілі қазақ жазушысы, дәрігер – Зейін Шашкиннің туған бауыры Дайырбайдың немересі. Ата жолын қуған азаматтың есімі елімізде ғана емес, шетелге де танымал.

Қазақ жұртына танымал жазушы Зейін Шашкин1945 жылы Иркутск медицина институтында оқып, Бурабайдағы шипажайда 10 жыл дәрігер болып жұмыс істеген. Ал Шыңғыс 2001 жылы Астанадағы медицина академиясын тәмамдаған. Одан кейін Түркияда білімін жетілдіреді. Қазір еліміздегі білікті нейрохирург. Өткен жылы «Тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы – Еуразия» атты қоғамдық ұйым құрып, 200 невролог дәрігердің білімін жетілдіруге атсалысты.

Шыңғыс Шашкин, нейрохирург:

- Бұл қоғамдық ұйым тірек-қимыл жүйесі мен жұлын ауруларын бірігіп емдеудің жолдарын іздестіреді. Ауру туралы ақпараттармен бөліседі. Дәрігерлердің білімін арттыру да емдеу тәжірибесінің шыңдалуын көздейді.

Дәрігердің негізгі маманданған саласы – Паркинсон, дистания, гиперкинез сынды ауру түрлерін емдеу. «Жалпы елімізде Паркинсон дертіне 30 мыңға жуық адам шалдыққан. Алайда бұл кеселді түбегейлі зерттеуге тиісті назар аударылмай келеді», – дейді дәрігер. Сондықтан Шыңғыс осындай науқастарды емдеудің тиімді әдіс-тәсілдерін табу үшін ізденіп жүргенін айтады.

Шыңғыс Шашкин, нейрохирург:

- Жуырда ғана Алматыда сал ауруына шалдыққан баланың жұлынына алғаш аса күрделі операция жасадық. Осындай  операция арқылы науқастарды сауықтыру мүмкіндігі артады деген сеніміміз мол.

Шыңғыс Шашкиннің жетекшілігімен дәрігерлер қазіргі уақытта жаңа жобаны жүзеге асыруға кірісті. Ол тірек-қимыл жүйесі ауруларына шалдыққандардың нейрогенетикасын, Паркинсон дертінің эпидемиологиясын зерттеуге бағытталған. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит  Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы