384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алатауда алманың 150-ден аса сорты бар

  • 767
  • UPD: 17:55, 08.04.2019
Алатауда алманың 150-ден аса сорты бар

Алманың атасы Аймақ Жанғалиевтың құрметіне мемориалды тақта орнатылды.

Ескерткіш тас Алматыдағы қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының маңдайына қойылды. Сонымен қатар аталған институттың 60 жылдығына орай әлемге танымал Сиверс алмасы отырғызылды. Ғылыми кеңесте Аймақ Жанғалиевтың өмірі мен мұрасы туралы айтылды. Сексен жыл өмірін жабайы жеміс-жидекті зерттеуге арнаған ғалым Алатау баурайынан алманың 150-ден аса түрін тапқан. Оның 27-і потент алып, құжатталған. Оған қоса өріктің 16 сортын дәлелдеп, табиғи қорға енгізген. Академик Аймақ Жанғалиев негізін қалаған қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институына биыл алпыс жыл толып отыр.

Аралбай Нұғыман, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары:

- Бұл біздің генетикалық жабайы алманың мың түрлілігінің биік шыңы емес, Құдайға шүкір, әлі бар. Аймақ Жанғалиұлының өзі тек Алматының айналасынан жабайы алманың 150-ден көп формасын анықтап, паспорттап кеткен. Оның тек 26-сы ғана документ алған. Қалғандары жатыр әлі.

Хабар 24 телеарнасы