384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда халықаралық «Парктер шеруі-2019» шарасы басталды

  • 1000
  • UPD: 18:10, 08.04.2019
Алматыда халықаралық «Парктер шеруі-2019» шарасы басталды

Елімізде ерекше қорғалатын «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Наурызбай ауданы әкімшілігімен бірлесіп, халықты табиғатты қорғауға шақырды.

Дүниежүзі бойынша өткізіліп отырған шеруге биыл Наурызбай ауданының оқушылары қатысты. Олар еліміздің әсем табиғаты тақырыбында ән шырқап, сурет салып, өлең де жазды. Шараның мақсаты – жастарды сиреп бара жатқан жан-жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалуға жұмылдыру. 200 мың гектарға жуық жерді алып жатқан «Іле Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бірегей Шренк шыршасы, «Қызыл кітапқа» енген сиверс алмасы және таулы аймақта өсетін өріктер, сонымен қатар еліміздің нышанына айналған тау барысы да бар. «Осындай құндылықтарды сақтап қалуға бағытталған    «Парктер шеруі» шарасы 5 маусымға дейін созылады», – дейді ұйымдастырушылар.

Тілек Әділжанов, «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы:

- 15 мыңға жуық ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар  құстарға арнап әр шатқалда ұяшықтар ілуді, әр шатқалда біз экологиялық десанттар, «экодесант» деп айтамыз, сенбіліктер ұйымдастырып, 1000 текше метрден астам қоқыс шығаруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы