379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жемісін бере бастады

  • 74
  • UPD: 18:20, 08.04.2019
Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жемісін бере бастады

Бұл туралы бүгін бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов журналистерге мәлімдеді.

Оның айтуынша, былтыр қылмыстық процесті жаңғырту туралы заң қабылданып, аса ауыр емес қылмыстар бойынша сот ісін жүргізу жеңілдеді. Атап айтқанда, ересек күдіктілерді 48, ал кәмелетке толмағандарды 24 сағатқа дейін ұстау мерзімі қысқартылды. Ал экономикалық заңбұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі қамаққа алу мүлдем тыйым салынды. Нәтижесінде 2018 жылы қылмыстар саны 8 пайызға төмендеген.

Хабар 24 телеарнасы