379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық полицейлер арыз-шағымды WhatsApp арқылы қабылдайды

  • 711
  • UPD: 21:31, 08.04.2019
Маңғыстаулық полицейлер арыз-шағымды WhatsApp арқылы қабылдайды

Маңғыстаулық полицейлер сәуірдің бірінен бастап арыз-шағымды WhatsApp желісі арқылы да қабылдауға көшті.

Осы мақсатта Ақтаудағы фронт-кеңседе арнайы ұялы телефон нөмірі бекітілген. Оған ай басынан бері 80-нен астам дерек келіп түсіпті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, олардың басым көпшілігі жол ережесін өрескел бұзуға қатысты болған. Фото және бейнетүсірілім тіркелген шағымдар дереу қаралып, кінәлі тұлғаларға әкімшілік шара қолданылуда.

Әйгерім Ибадуллаева, ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі бастығының м.а.:          

- Көп жағдайда WhatsАpp нөміріне деректер көлік жүргізушілерден келіп түседі. Бейнетіркегіш құралы жазған кадрларды қарап, заңбұзушылықтың қашан және қай жерде болғанын анықтаймыз. Мұнан соң хаттама толтырылады. Бізге жолданған әр хабарламаға міндетті түрде жауап жазылады.

Хабар 24 телеарнасы