379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 32 көп қабатты тұрғын үй жөнделмек

  • 75
Оралда 32 көп қабатты тұрғын үй жөнделмек

Орал қаласында былтыр 5 үйдің шатыры ауыстырылып, 4 үйдің жеделсатысы жаңартылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал биыл тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделетін нысандар саны 3 есе артпақ. Күні бүгін 14 көп қабатты үйдің лифтісі мен 6 үйдің төбесін жөндеуге қажетті жобалық-сметалық құжаттар жасалды. Оған тағы 12 үй қосылмақ. Шаһар тұрғындары тарапынан бағдарламаға сұраныстың күрт артуы биылғы қыстың қаттылығымен түсіндірілді. Қаңтар-ақпан айларында 20 үйдің шатыры қалың қардың салмағына шыдас бермей құлап түскен еді. Оның 8-і тұрғындардың өз қаржысына қалпына келтірілсе, қалғаны жаз шыққасын бағдарлама бойынша жөнделмек.

Жұбан Жұмағалиев, Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

– Қазіргі таңда шатыры опырылған үйлер бойынша жиналыстар өткізіліп, барлық құжаттама рәсімделуде. Құжаттардың ішінде кондоминиум нысаны болып тіркелмеген, төлқұжаттары жоқ үйлер бар. Сол үйлерге егер бірінші рет тіркеу керек болса, қала қаражаты есебінен құжаттар дайындалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы