379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында арендалық және несиелік үйлердің құрылысы артады

  • 79
Алматы облысында арендалық және несиелік үйлердің құрылысы артады

Алматы облысында арендалық және несиелік үйлер құрылысының көлемі 200 мың шаршы метрге дейін артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл өңірде жергілікті бюджет есебінен 80 мың шаршы метр үй салынады. Бұл мақсатқа «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 19 миллиард теңге бөлінді. Оған 300-ден астам үй тұрғызылады. Соның – 18-і несиелік, 42-сі – коммуналдық, қалғаны – арендалық үйлер. Көп балалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 420 пәтерлік 10 тұрғын үй бой көтереді. Жақында облыста 8 үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Жандос Телеубаев, Талдықорған қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы:

– Талдықорғанда 7 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Соның бесеуі – несиелік, біреуі – коммуналдық. Коттедж қалашығында 155 жеке үй салынуда. Олардың барлығы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы