389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл 12 мың көп балалы ана қоныс тойын тойлайды

  • 391
  • UPD: 12:33, 09.04.2019
Биыл 12 мың көп балалы ана қоныс тойын тойлайды inform.kz

Ағымдағы жылы көп балалы аналарға 12 мың пәтер беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда елімізде 340 мыңнан астам көп балалы аналар өмір сүруде. Оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін 93 млрд теңгенің әлеуметтік көмегі биыл 820 мыңнан астам адамға беріледі. 1 тоқсанның өзінде 9 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 280 мыңға жуық қазақстандық қамтылды. Келесі ең өзекті мәселелердің бірі - мұндай отбасыларды жұмыспен қамту. Біздің жоспарымыз бойынша биыл 370 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылуы керек. Соның кем дегенде 85 мыңы көп балалы отбасыларға арнап ашылады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, осы жылдың 1 тоқсанында Қазақстанда 32 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Соның 9 мыңға жуығы көп балалы аналарға арналған. «Жоспар бойынша 6 мыңға жуық жалдамалы пәтер жыл сайын көпбалалы отбасыларға беріліп отыратын болады. Бұған қосымша тағы 16 мың пәтер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемеммен 2019-2021 жылдары беріледі. Жалпы жеті жылдың ішінде ең кемінде 40 мыңға жуық жалдамалы пәтер берілуі керек. Оған қосымша үш жылдың ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жеңілдетілген займмен кемінде 18 мың пәтер берілуі тиіс. Яғни, осы уақыттың ішінде 54 мыңға жуық пәтер берілуі керек. Оның 12 мыңы биыл беріледі», - деді Б.Сапарбаев.

Хабар 24 телеарнасы