379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жастарды қолдауға 70 млн теңге бағытталмақ

  • 99
Алматы облысында жастарды қолдауға 70 млн теңге бағытталмақ

Алматы облысында биыл жастардың бастамасын қолдауға 70 млн теңге бағытталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 10 млн-нан астамы Панфилов ауданына бөлінбек. Өткен жылы өңірде стартап жобаларды жүзеге асыру мақсатында 18 халықаралық және облыстық грант берілді. Нәтижесінде жастар асыл тұқымды мал шаруашылығы мен құрылыс және қызмет көрсету саласында кәсіп ашты. Сонымен қатар білім беру ісін де қолға алды. Кәсібін бастағандардың қатарында мемлекет қолдауына жүгінбегендері де бар. Мәселен, Көктал ауылында оқушыларға ағылшын тілін үйретіп, үй тапсырмасын орындауға көмектесетін орталық өз жұмысын бастады. Балалар онда білім алумен бірге тоғызқұмалақ, шахмат ойнап үйренеді. Енді жас кәсіпкер мемлекет көмегіне жүгініп, өз кәсібін өркендетпек.

Дана Ержанқызы, кәсіпкер:

– Жаркент қаласынан екі қабатты ғимарат салып, қосымша білім беретін орталық ашсақ деп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы