379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе көшелерінде бейнебақылау құралдары көбейді

  • 70
  • UPD: 14:18, 09.04.2019
Ақтөбе көшелерінде бейнебақылау құралдары көбейді

Ақтөбе қаласының көшелерінде бейнебақылау құралдары көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су жаңа 20 камера «Арқан-қиылыс» және «Арқан-аралық» жүйесіне қосылған. Олардың ең ірісі 10 қиылысқа орнатылды. Одан бөлек, 130 камера қоғамдық орындарды күндіз-түні бақылап тұрады. Полиция қызметі мен жергілікті әкімдік камераларды тестілеуден өткізіп жатыр. «Смарт-сити» жедел басқару орталығының мамандары қаланы алақандағыдай көріп отырады. Бұл – барлық бейнекамера түсірілімінің тоғысқан жері. Заманауи камералар көлік ішінде белдік тақпай отырған адамның өзін анық көрсетіп береді. Айыппұл жазу үшін бұл бұлтартпас дәлел бола алады. Жалпы қаладағы бейнебақылау жүйесін күшейту жұмыстары «Ақылды қала» жобасымен іске асып жатыр. Оған 2 жыл бұрын қала маңындағы шағын аудандар да қосылды.

Серік Әшірбеков, қала әкімдігі аппаратының бөлім жетекшісі:

– Камералардың бәрі жұмысқа жаңаша бейімделген. Ауа райына қарамастан, күндіз-түні түсіруге арналған. Және бұл камералардың ерекшелігі, метеорологиялық комитеті бойынша сараптамадан өтіп және белгіленген стандарттар бойынша 10-15 метрге дейін ауытқушылық болмайды.

Хабар 24 телеарнасы