389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Энергетика министрі: АЭС салу туралы шешім әлі шыққан жоқ

  • 506
Энергетика министрі: АЭС салу туралы шешім әлі шыққан жоқ

Алматыда атом электр станциясын салу туралы шешім әлі шыққан жоқ.

Бұл туралы бүгін еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Үкімет қабырғасында журналистерге берген сұхбатында министр бұл мәселенің бізде кеше ғана пайда болмағанын және ол жан-жақты зерттеуді талап ететінін жеткізді. Ал Ресейдікі – тек ұсыныс. Оны салу, салмау және басқа да қыр-сырлары халықтың талқылауынан кейін қабылданбақ. Бұған әлі бірнеше жыл уақыт керек, - дейді ол.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

– Жалпы басқа да станцияларды салуды көздеп отырмыз. Баламалы энергетиканы әрі қарай дамыту ұсыныстары бар.

Хабар 24 телеарнасы