379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты батысқазақстандықтар пікір білдірді

  • 172
  • UPD: 15:39, 09.04.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президенттік сайлау өтетіні туралы үндеуіне батысқазақстандықтар да үн қосып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент сайлауы елдің алдағы дамуында орасан зор маңызға ие саяси шара болып табылады. Сондықтан таңдау жасар тарихи сәтте республика тұрғындары бұл шараға аса жауапкершілікпен қарауы қажет. «Шешім қабылдайтын сәтте біз үшін бұл сайлаудың қажеттігі зор. Бүгінде Қазақстанды әлем мойындағаны рас. Экономикалық, рухани және әлеуметтік салада жетістіктер аз емес. Енді еліміз дамудың жаңа сатысына өтер кезеңде де белсенділік танытуға тиіспіз», – дейді оралдықтар.

Гүлнәр Әлжанова, «Айқанат» республикалық қорының облыс бойынша өкілі:

– Қазақстанда тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері өздерінің өміріне сенімді болуы керек. Сондықтан біз сайлауға барлық облыс жұртшылығын шақыра отырып, бұл шешімді мемлекеттік қызметшілерден бастап бизнес құрылымдары, сонымен қатар жеке азаматтар қолдайды деп ойлаймыз. Біз ертеңгі күнімізге алаңдамағымыз келсе, президент сайлауына белсене атсалысып, үлес қосуы керек.

Хабар 24 телеарнасы