379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халық белсенділік танытып таңдау жасауы тиіс – Қоғам қайраткерлері

  • 143
  • UPD: 19:50, 09.04.2019

Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу - елдегі барлық саяси аспектілер саралана отырып қабылданған шешім. «Енді халық белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы тиіс» дейді еліміздің әр өңіріндегі қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар. 

Кезектен тыс сайлаудың өтуі елдегі бұған дейін жүзеге асып жатқан  реформалардың қарқынын бәсеңдетпеу үшін қабылданған шешім. Халық белгілі мерзімге жасаған жобалардың нәтижесін қазір көргісі келеді. Сондықтан ел ертеңіне  елеңдемес үшін саяси мәселені бүгін шешіп алуға қоғамның барлық күші ынталы болып отыр. Оған қоса күнде құбылып жатқан сыртқы саясат пен елдің экономикалық жағдайын да ескерген жөн. Жас ғалым Мұхтар Төлегеннің пікірінше, сайлау неғұрлым тез өтсе елде қалыптасқан тұрақтылық соғұрлым сақталады.

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры:

- Елбасы қалыптастырған тұрақтылық сол бағытты ары қарай жалғастыруға біз қабылданған тиімді шешім деп ойлаймын. Біз бастардың ортасында жұмыс жасап жүрміз. Сондықтан мен ойлаймын, бүгінгі кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешім. Бұл пісіп жетілген дер кезіндегі шешім. Оған қоғам да дайын.

Қоғам алға басу үшін, әлеуметтік әлеуетін арттыру үшін  жасалған жоба-жоспардың орындалуы ең негізгі мәселе. Оны атқарушы билік орындау үшін елдегі ішкі саяси жағдай біржақты болуы шарт. Бұған барша халық мүдделі болып отыр.

Раушан Айдарбаева, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент:

 -  Әлемде қалыптсып қалған жағдайдың өзіндік бір ерекшеліктері, қиындықтары бар екені белгілі ғой. Осындай жағдайда еліміздің ішкі, сыртқы саясатындағы сабақтастық болу керек. Елімізде қабылданған әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар бар. Сол бағдарламаларды түбіне жеткізіп нәтижесін алу қазірдің өзінде саяси өмірімізде басшымызды белгілеп алуымыз керек деп санаймыз.

Кезектен тыс сайлау өткізуге қоғам толық дайын. Сондықтан оны көпке созудың қажеті  жоқ. Жалпы әрбір саяси науқан Қазақстанның даму жоспарына тың серпін береді. Бұл Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовтің пікірі. Сондықтан халық қазір  қалыптасқан бірлікті сақтай  отырып  кез-келген саяси науқанды өткізуге дайын. 

Жарасбай Сүлейменов, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы:

- Мына экономика саласында қиындықтар туындап жатыр. Осы кезде әрине елді халық сайлаған Президенттің басқарғаны өте орынды. Сондықтан мен ойлаймын мемлекет басшысының Тоқаевтың осындай шешімге келіп, мәлімдеме жасауы ол халықтың жағдайын ойлап отырғаны. 

Болашақ бүгіннен басталады. Ол үшін елде болып жатқан саяси науқаннан жастар да ешқашан қалыс қалған емес. Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі  мәлімдемесін оралдық жастар бірауыздан қолдап пікірлерін білдіріп жатыр.

Нұрғали Жолдасқалиев, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық  филиалының төрағасы:

- Бұның алдындағы сайлаулардан өзіміз білеміз біздің халқымыз кез-келген уақытта осы белсенді қатысып, сайлауға барып өзінің дауыстарын беріп жатыр. Мен ойлаймын, биыл да осы сайлауда да өз таңдауын жасап, жастар тарапына да жастардың осы сайлауға келіп қатысуы үшін біздің барлық шараларды өткізетін боламыз, көлеңкеде қалмаймыз. Себебі жас отбасылар, жас мамандар бар, олар да өздерінің таңдауларын жасап болашақ елінің президентін өздері таңдауы керек деп есептеймін.

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу  көптеген мәселенің  басын ашып, қоғамды тұрақтандыруға ықпал етеді. Өйткені билік ауысып жатқан өтпелі кезеңде халыққа айқындылық керек.  Бұл жетісулық  сараптама және жоспарлау орталығының әлеуметтанушыларының пікірі.

Венера Енсеева, сараптама және жоспарлау орталығының бөлім басшысы: 

- Қазақстан ашық демократиялық қоғам деп жариялағандықтан халық үшін де биліктің өзгеруі уақытша Президенттің қызметі болашағымыз қалай болады деген сұрақ кез келген халықты мазалайды. Сайлау мәселесінің көтерілуі қалыпты жағдай өйткені халыққа тұрақтылық керек. 

Жастар еліміздегі халық санының 4,1 пайызын құрайды. Сондықтан  сайлау жастар үшін де  бұл ерекша тарихи шешім. Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы мекемесінің басшысы Береке Дүйсебековтың айтуынша бүгінгі қабылданған саяси шешім ел ертеңі үшін ерекше маңызға ие.

Береке Дуйсебеков, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы:

- Мен ойлаймын біздің жастар сайлауға өте белсенді араласып, өз таңдауын жасайды. Себебі біз Тұңғыш Президентіміз Елбасымыз Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қалап кеткен даңғыл жолы бар, біз өзіміздің даму стратегиямызды айқындап алдық. Сол себепті осы бағытымыздан таймай, Қазақстан халқының тұтастығы мен елдік бірлігін сақтап, осы бір сайлаудан өзіміз үшін, келешегіміз үшін үлкен бір таңдау жасаймыз деп есептеймін.

Сонымен саяси науқан  неғұрлым ерте өтсе Қазақстан транзитті кезеңді жылдам еңсереді. Бұл өз кезегінде ештеңеге алаңдамай, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешіп, әлеуметтің әлеуетін арттырып  экономикалық дамуға  жол ашады.

Аймақтағы тілшіліер көмегімен Олжас Керейхан

Хабар 24 телеарнасы