380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Атамекен» ҰКП кезектен тыс Президент сайлауына қатысты үндеуді талқылады

  • 137
  • UPD: 22:18, 09.04.2019

Биліктің тұрақтылығы бизнестің қалыпты дамуына кепілдік береді.

Сондықтан «Атамекен» палатасының өкілдері де Президент сайлауына қатысты үндеуді бизнес қауымдастықпен кеңейтілген отырыста талқылады. 6 жыл ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестегі кедергілерді жою үшін ондаған заңға өзгеріс енгізуге өзіндік үлесін қосты. Тексерістер санын 5 есеге кемітті. Мұның барлығы елдегі биліктің қолдауымен жүзеге асқаны анық. Сондықтан бізге саяси тұрақтылық аса маңызды деді басқарма төрағасы. 

Абылай Мырзахметов, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы:

- Жалпы әлемде болып жатқан қазіргі жағдайдың барлығы турбулентті, өзгерістер көп. Санкциялық мәселелер бар, сауда нарығындағы дағдарыстар бар, сондықтан осының бәрін ескере отырып, қазіргі заман тез өзгерістер кезінде бізге көп уақытты созбай, билік басын бекем етіп алуымыз керек. Сондықтан Елбасамыздың ізімен, өз елімізді дамытуға ат салысуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы