379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 70-ке жуық ауылға қаржылай қолдау көрсетіледі

  • 136
  • UPD: 14:02, 10.04.2019

Қазақстандағы 70-ке жуық ауылға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сай қаржылай қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақша негізінен елді мекендердегі инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыруға, жол салуға, және әлеуметтік мақсаттағы нысандар салуға жұмсалады. Алдағы үш жыл көлемінде осы бағытта 90 млрд теңге игерілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы министрлігі жер-жерде отбасылық ферма ашатындарға да көмек көрсетілетіні туралы айтқан болатын. Яғни, ниет танытушылар өз жоспарын жүзеге асыру үшін жеңілдікпен берілетін шағын несиеге сүйене алады.

Кооперция ісін дөңгелетуге арналған қаржы мөлшері 20 миллионнан асады.

Айта кетейік, 2018 жылы 12500 шағын несие бөлінген болатын, ақшаға шаққанда 45 млрд теңгені құрады.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде ұсынған болатын. Саяси форум кезінде Елбасы бірнеше мәселелерге ерекше тоқталып, Үкіметке тапсырма берген еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы:

- Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырамын. Оған 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлінсін.

Хабар 24 телеарнасы