384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атбасарда су тасқыны қаупі жоқ

  • 528
  • UPD: 14:19, 10.04.2019
Атбасарда су тасқыны қаупі жоқ

Жыл сайын су басатын Ақмола облысындағы бұл қала бір күннен кейін төтенше жағдайлар қызметінің бақылауынан алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бұл туралы Төтенше жағдйалар комитетінің төрағасы Владимир Беккер хабарлады. Оның айтуынша, Жабай өзеніндегі судың деңгейі түсіп келеді.

Айта кеткен жөн, биыл еріген қардың суы республика бойынша 16 үй мен 22 автомобиль жолдарын шайып әкеткен. Қазір құтқарушылар Ертіс өзенін ерекше бақылауға алып отыр.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы:

- Павлодар облысындағы мұз алдағы 10 күнде Ресейдің шекарасына дейін жетуі мүмкін. Сондықтан 11 елді мекенді су басу қаупі бар.

Хабар 24 телеарнасы