379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Несіпбек Айтұлы: Сайлаудан күтер үміт көп

  • 106
  • UPD: 15:56, 10.04.2019

Қазақстандық ақын-жазушылар да мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөніндегі шешімін қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл ішкі және сыртқы саясатта тұрақтылық орнату үшін жасалған маңызды қадам», - дейді олар. Мәселен, Сәкен Сейфуллин атындағы музейге біраз жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан ақын Несіпбек Айтұлы қазір қазақ еліне сырт көз сыншылардың көп екенін айтады. «Олар билік тізгініндегі өзгерісті өз пайдасына шешіп кетпеуі үшін тез арада сайлау өткізудің маңыздылығы зор», - дейді зиялы қауым өкілі.

Несіпбек Айтұлы, ақын, Мемлекеттік сыйлық лауреаты:

- Халық бұл кісіге үлкен үміт артып отыр. Мен де солардың бірімін. Елбасының аяқталмай кеткен шаруаларын жүзеге асырып, қазақ елін әлі де дамыта түседі деген ойдамын. Зиялы қауым әсіресе, руханият арасына жік түскендей, өздері томаға-тұйық бұғып алатын әкімдер пайда болды. Міне, осындай бюрократизмді тоқтататын, жемқорлықты тоқтататын, халық қазір шулап айтып жатыр, жаңадан сайланған президент сол бағытта жұмыс істесе дейміз.

Хабар 24 телеарнасы