378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік ата-аналар мемлекеттік балабақшалардың жағдайына алаңдаулы

  • 104
Семейлік ата-аналар мемлекеттік балабақшалардың жағдайына алаңдаулы Ykt.Ru

Семейдегі мемлекеттік балабақшалар 2 жылдан бері жеке кәсіпкерлердің сенімді басқаруына өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясындағы жобаның бір түрі. Келісімшарт бойынша кәсіпкердің балалар санын, штат кестесін, төлемақы құнын өзгертуге құқы жоқ. Еңбек заңдылықтары да қатаң сақталуы керек. Бүгінге дейін 5 мекеме осындай тәсілмен жұмыс істеуде. Биыл тағы 4 балабақшаны сенімді басқаруға өткізу көзделіп отыр. Алайда көптеген ата-ана бұл шешімге қарсылықтарын білдіріп, балаларының болашағына алаңдайтындықтарын жеткізді. Қалалық әкімдіктің жауапты мамандары тұрғындармен бірнеше кездесу өткізіп, мәселенің жан-жақты зерделенетінін түсіндірді.

Гүлнар Оразбекова, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Соңғы кездесуге әкім өзі қатысып, жағдайдың бәрін түсіндірді. Ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін толық тыңдады. Және зерттеу жұмыстарын жүргізіп, кейін ғана шешім қабылдайтындығын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы