377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республикалық ардагерлер кеңесі Мемлекет басшысының үндеуіне қолдау білдірді

  • 111
  • UPD: 20:56, 10.04.2019

Республикалық ардагерлер кеңесі кезектен тыс президент сайлауын өткізуді толық қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде еліміздегі ең ірі қоғамдық бірлестіктің 2 млн-нан астам мүшесі бар. «Әлемдегі халықаралық саяси ахуал тұрақсыз болып тұрған кезеңде ел қауіпсіздігіне тікелей қатысты қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, алға қарай нық жылжу, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу үшін президенттің өкілеттігі толық болуы керек, – дейді.

Бақтықожа Сұлтанбеков, «Ардагерлер кеңесі» ҚБ орталық кеңесінің төрағасы:

– Азғантай уақыттың ішінде халқымыз президентін сайлап, елдің бірлігін, тұтастығын толықтай қамамасыз ету дәл мезгілінде болғалы отыр. Біз Мемлекет басшысының үндеуіне қолдау білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы