378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий құбыр консорциумы панасыз жеткіншектерге «балалар ауылын» салады

  • 109
Каспий құбыр консорциумы панасыз жеткіншектерге «балалар ауылын» салады

Каспий құбыр консорциумы Атырау облысында панасыз жеткіншектерге арнап «балалар ауылының» құрылысын бастамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен екі жылда мұнай тасымалдаушы компания 692 миллион теңгенің 33 әлеуметтік қайырымдылық жобасын жүзеге асырған болатын. Атап айтқанда, облыс орталығында 3 мектепке спорт алаңдарын жасақтап берсе, Индер ауданында 100 орындық мектеп салды. Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Биыл Каспий құбыр консорциумы мұнайлы өңірде панасыз балалар мен жетімдерді асырап алушы отбасыларға арнап балалар ауылы кешенін қолға алмақ. Ойын алаңдары, мектеп, дербес дәрігерлік бекеті бар кешен 2021 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Компания жергілікті билікпен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған.

Айбек Қырамбаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

– Сол келісімшарт бойынша балабақша,  мектеп, интернат салып жатыр. Алда қойып жатқан басқа да мақсаттар бар.

Каспий құбыр консорциумы Атырау облысы бойынша Мақат, Индер, Махамбет және Құрманғазы аудандарындағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды жүйелі жүзеге асыруда. Күні бүгінге дейін компанияның демеушілігімен облыста 33 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Қайыргелді Қабдылдин, КҚК бас директорының орынбасары:

– Жалпы біз жыл сайын 2,5 миллион АҚШ долларын бөліп отырамыз. Осындай бағдарламаларға болашақта да осы жұмысты жалғастыратын боламыз.

Былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 54 миллион тонна мұнай экспортқа шығарылды. Жалпы 2010 жылдан бері компания 500 миллион тонна мұнай тасымалдады. Еліміздің басты тасымалдаушысына айналып келе жатқан консорциум әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз атқарып келеді.  Олар өткен тоғыз жылда облыстың әлеуметтік саласына 9 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы