389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте көп балалы аналарға пәтер кілттері табысталды

  • 487
  • UPD: 23:50, 10.04.2019

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын түсіндіру үшін Үкімет тобы Шымкентке ат басын бұрды.

Үшінші мегаполис халқымен жүздескен Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова кездесуде әр түрлі санаттағы азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерін түсіндірді. Шымшаһарда 20 мыңнан астам отбасы оған қол жеткізбек. 1 сәуірден бастап мемлекеттен жәрдемақы алу үшін 11 168 отбасыдан өтініш келіп түскен. Ал 21 200 азаматқа әлеуметтік көмекті қалай алу керектігі түсіндіріліпті. Сондай-ақ қалада 4524 пәтерлі 81 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Мамыр айында 540 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның 177 пәтері көп балалы аналарға тарту етілмек. Сондай-ақ жиын барысында Гүлшара Әбдіқалықова көп балалы 11 отбасына мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды. Алдағы уақытта әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы 1368 жас отбасы да баспаналы болады дегенде жоспар бар.

Меруерт Малаходжаева, қала тұрғыны:

– 12 жылдан бері кезекте тұрғанмын. 5 баланың анасымын. Әлеуметтік бағдарламалар бойынша осы пәтерді алып отырмын.

Гүлжан Құрманбекова, қала әкімінің орынбасары:

– Барлығы кезекте 37 мыңнан астам. Әлсіз топқа жататын кезектер 14 мыңнан асады. Сол 14 мыңнан асатын әлсіз топтағы азаматтар мен толыққанды жұмыс жасаймыз. Тек бюджет есебінен салынған үйлерді емес, демеушілер арқылы да салынатын үйлерді де береміз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы