380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақтелеком» мен миноритарлық акционерлер арасындағы дауға қатысты сот отырысы өтті

  • 117
  • UPD: 23:13, 10.04.2019

«Қазақтелеком» мен компанияның миноритарлық акционерлері Жұмабаев пен Омаров арасындағы іске қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талап етушілер «Кселл» акцияларын сатып алған «Қазақтелеком» компаниясы директорлар кеңесінің шешімімен келіспейді. Елордадағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта тараптардың уәждері тыңдалып, қосымша мәліметтер қаралды.

Талап етушілер акцияны қайта сату ісін инвестициялық стратегияға жатқызады. «Қазақтелеком» мұндай іс жауапсыздық екенін алға тартып, акцияны сатып алудан бас тартып отыр. Себеп – құқықтық негіздің жеткіліксіздігі.

Джохар Утебеков, адвокат:

– «Қазақтелекомға» акционерлер – Омаров пен Жұмабаев акцияларын сатып алу жөнінде талап қойды. Омаров өз акциясын 14 желтоқсанда сатып алған. Ал «Қазақтелеком» директорлар кеңесі одан екі күн бұрын «Кселл» компаниясын сатып алу туралы шешімге келгені белгілі. Себебі акцияны сатып алу жөнінде мәмле жасасқан соң, өтемақы талап ету қисынсыз жағдай.

Талапкерлер акцияны қандай мақсатпен сатып алған? Олар неге мәмле шартымен келіспейді? Талап етушілердің бірі Бақыт Жұмабаев жекеменшік банкте қатардағы маман болып қызмет етеді. Яғни ол ірі инвестор немесе кәсіпкер емес. Соған қарамастан, құны жарты миллиард теңгенің акциясын сатып алған.

Джохар Утебеков, адвокат:

– Олар 14 желтоқсанда 15 306 акцияны сатып алғандарын мойындайды. Сосын ол акцияларды «Қазақтелекомға» үстеме бағамен ұсынуды жоспарлаған. Яғни құнын көтермелеп сату әдісіне жүгінген. Ең қызығы 16 мың акционердің тек бесеуі ғана бізбен соттасып жатыр.

Осыдан 10-11 жыл бұрын Жұмабаев осы мәселеге ұқсас тағы бір корпоративтік дау-дамайға ұрыныпты. Ол қазақстандық банктердің біріне дәл осылай өз наразылығын білдіріпті. Талап етуші тараптың өкілі осы іске қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына қандай да бір түсінік беруден бас тартты. Аталған іске байланысты келесі сот отырысы 26 сәуірде өтеді.

Авторы: Ерзат Зайытхан

Хабар 24 телеарнасы