389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде «Жерұйық» жобасының тұсауы кесілді

  • 558
  • UPD: 10:27, 11.04.2019
Ертіс өңірінде «Жерұйық» жобасының тұсауы кесілді

Ертіс өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жерұйық» жобасының тұсауы кесілді.

Кешенді жоспардың басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды насихаттауды ғылыми тұрғыдан жүргізу. Бірнеше жылға арналған жоба бес бөлімнен тұрады. Біріншіден, киіз үйдің философиясын сақтай отырып,  ағаш үйді жасауды өндірістік деңгейге көтеру. Бұл мақсатта кәсіпкерлер жұмылдырылып, оларға мемлекеттік бағдарламалар негізінде грант ұтып алуға септесу. Екіншіден, ер балаларды ата-баба рухында тәрбиелеуге қолғабыс жасау. Бұл іске тәжірибелі педагогтар тартылмақ. Жобаның келесі бөлімі аймақтың ішкі туризмін дамыту. Тынығушыларды тарту мақсатында өңірдің көрікті жерлерінде этно-ауылдар бой көтереді. Қоғамдық ұйым өкілдері облыста ұмыт болған ұлттық тағамдарды жаңғыртып, мейрамханалардың ас мәзіріне қосуды да көздейді. Бұл іске жергілікті ғалымдар атсалыспақ. Айта кетейік, облыста бір жылдың ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 200-ге жуық тың жоба іске асырылған.

Еркеғали Жаңғазы, жоба авторы:

- Ұлттық тағамдар мейрамханасын ашу, ол да бір өте керек нәрсе деп санаймыз. Өйткені бізді өңірде ұлттық тағамдар мейрамханасы жоқ. Шетелден келген адамдар болды сұраған, өкінішке орай, ұятымызға қарай біз апаратын жер таба алмадық. Болашақта қоғамнан, биліктен және өзіміз сияқты осы «Рухани жаңғыру» жанында жүрген қоғамдық бірлестіктерден көмек және әріптестік күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы