379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау жастары Қ.Тоқаевтың үндеуіне қатысты ойымен бөлісті

  • 94
  • UPD: 11:19, 11.04.2019
Ақтау жастары Қ.Тоқаевтың үндеуіне қатысты ойымен бөлісті

Тұңғыш Президентіміз көтерген баламасыз жобалардың басым көпшілігі ұзақ мерзімді. Оларды өз мерзімінде нәтижелі аяқтау уақыт талабы.

Ол үшін тәуелсіз қазақ елінде алдымен нақты билік орнауы қажет. Бұл Маңғыстау облысындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бағдат Қуандықтың азаматтық пікірі. Белсенді жас буын өкілінің айтуынша, 9 маусымға белгіленген  сайлаудан соң мемлекет дамуының жаңа кезеңі басталары сөзсіз.

Бағдат Қуандық, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

- Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың үндеуін мен де тыңдадым. Бұл Үндеуде айтылған шешімді орынды деп санаймын. Себебі қазақ республикасының билігі заңды әрі бейбіт ауысты. Елбасымыздың бұл шешімін әлем елдері мен өз халқымыз да зор құрметпен қабылдады. Тұңғыш Президентіміздің барлық жобалары ұзақ мерзімді. Сол жобаларды сәтті аяқтау үшін мемлекет басына мықты маман келуі керек.

Хабар 24 телеарнасы