379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Этномәдени бірлестік өкілдері Қ.Тоқаевтың үндеуін қолдайды

  • 118
  • UPD: 12:32, 11.04.2019
Этномәдени бірлестік өкілдері Қ.Тоқаевтың үндеуін қолдайды

Еліміздегі этномәдени бірлестіктер де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөніндегі шешімін қолдап отыр.

Нұр-Сұлтан қалалық өзбек этно-мәдени орталығының басшысы  Шерзод Болатов, «Бұл заманау талаптарға сай шешім. Алдағы саяси науқан ел бірлігінің бекемдігін айқын көрсетеріне сенемін», -дейді. 

Шерзод Болатов, қалалық өзбек этномәдени орталығының басшысы:

- Әрине осы бастама өте қажетті және орынды. ҚХА мүшелері, ғылыми сарапшылар кеңесінің мүшелері өз қолдауын білдіру үшін осы жиынға келіп отыр. Бұл заманау талаптарға сай шешім. Әрқашанда біз Елбасының бастамаларын, Президенттің бастамаларын қолдап, талдап келе жатырмыз. Нақты Қазақстанға жұмыс істейтін, халқын ойлайтын адамды таңдаймыз. Еліміз бұдан да жоғары мәртебеге көтеріледі деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы