377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жастар конгресі президенттік сайлауға байланысты үндеу жариялады

  • 81
  • UPD: 12:46, 11.04.2019
Қазақстан жастар конгресі президенттік сайлауға байланысты үндеу жариялады

Жастар ұйымдары мерзімнен бұрын өтетін саяси науқанның Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтіп, жұдырықтай жұмылып, жаңа президентті таңдауға шақырды.

Айта кету керек, бұл қауымдастыққа 10 республикалық және 100-ден аса өңірлік ұйым мүше.

Азамат Данияр, «Жасыл ел» ЖЕЖ республикалық штабы жетекшісінің орынбасары:

- Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар өмір бойы бір ғана президентті танып біліп келдік. Енді алдағы сайлаудың ерекшелігі осы болып тұр. Елбасымыз қатыспай, өзге кандидаттар болады. Елбасының дара жолын, саясатын жалғастырушы келесі Президентті біз ел болып, жастар болып, бірге таңдауымыз керек. Осы сайлаудан біз қалыс қалмауымыз керек деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы