389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік жастар президенттік сайлауға қатысты пікірімен бөлісті

  • 870
  • UPD: 15:42, 11.04.2019
Семейлік жастар президенттік сайлауға қатысты пікірімен бөлісті

Қазақстан күллі әлемде зор бедел мен абыройға ие мемлекет. Сайлау өткізу туралы шешім – соның бір нақты дәлелі. Семейлік жастар 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауы елдің берекесі мен бірлігін арттыратын науқан боларына сенімді.

Олжас Соғымбай, Семей қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

- Көгілдір экрандарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықтың ішінде арандатушы алып-қашпа әңгімелер көп болып кетті. Бұл біздің елдің саяси –экономикалық тұрақтылығына нұқсан келтірмесе, пайдасы болмайды. Сондықтан елдің тыныштығы, елдің берекесін, болашағын ойлаған Президенттің бұл өте ұтымды, дер уақытта шығарылған шешімі. Бұл жолғы сайлау алды дайындық жұмыстарының әлмисақтан белгілі қасиетті Рамазан айының қарсаңында жүретін болғандықтан, менің жеке өзім сайлауға дайындық кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары әділ, ашық, демократиялы жүреді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы