389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

  • 338
  • UPD: 19:02, 11.04.2019
Қ.Тоқаев Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Орталық мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік, салық және статистикалық есептер, кедендік рәсімдер, ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету және кәсіпкерлерге құқықтық көмек беру мәселелері жөнінде тегін кеңес беріледі.

Сонымен қатар, Президентке «Бастау-Бизнес» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобалары: түйе шаруашылығы, репетиторлік орталық, типография, сұлулық салоны, стоматологиялық кабинет, балабақша және басқа да бастамалар таныстырылды.

Хабар 24 телеарнасы