379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда дүниеге келген үшемге үш бөлмелі пәтер берілді

  • 75
  • UPD: 22:12, 11.04.2019
Талдықорғанда дүниеге келген үшемге үш бөлмелі пәтер берілді inform.kz

Алматы облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Альмира, Алиша, Алина есімді нәрестелер жас отбасының тұңғыштары. Осы үш сәбидің анасы Еңлік Қайсарова - қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Қазір ананың да, балаларының да денсаулығы жақсы. Сәбилер бүгін Талдықорған қалалық перзентханасынан шығарылды. Шаңырақ иелерін облыс әкімі Амандық Баталов телефон шалып құттықтады. Сөйтіп, оларға өз орынбасары арқылы котеджді қалашықтан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Айта кетейік, бұған дейін де, дәлірек айтсақ 2008 жылы Талдықорғанда үшемдер дүниеге келген болатын.

Еңлік Қайсарова, үшемнің анасы:

- Осы күнге жеткенімізге біз өте қуаныштымыз. Өте ұзақ күттік. Осылай үш бөлмелі пәтер береді деп ойлаған жоқпыз. Естігенбіз, көмектеседі деп, бірақ бізге береді деп ойлаған жоқпыз. Амандық ағаға көп рахмет.

Райхан Есмұратова, үшемнің әжесі:

Он немерем болды. 7 еді. Енді үшеуі қосылып он болды.  Құдай көп көрмесін. Енді осындай қуаныш барлық жастарға жұғысты болсын. Ел аман болсын.

Хабар 24 телеарнасы